lat: TOT
з а т. 1. Тотығудың нәтижесінде темірде пайда болатын қызғылт қоңыр дақ; тат.
Көптенмайланбай тот басқан есік топсасы сақырлайсұқырлай ашылды (М.Сүндетов, Ескексіз.).
Ол әлі де тот шалмаған ақ семсер, талай жаудың басын кескелі тұр (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.).
2. Темір мен оның қорытпаларының беттерінде, негізінен, оттек пен ылғалдың әсерінен пайда болатын жегі салдарынан түзілетін ішінара гидратталған темір тотықтары қабаты.
3. Темірдің және оның қорытпаларының сыртқы беттерінде пайда болатын қабат.