[лат. total тұтас, жалпы, бәрін қамтитын] орталықтандырудың, бірлестірудің, қоғамның барлық (саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени) салаларын әкімшілік орталыққа бағындырудың шектен шыққан, экстремалды түрлерімен сипатталатын саяси және қоғамдық құрылымның ерекше түрі. Ол қоғамдық өмірді тұтас идеологияландырумен, билікті шектен тыс шоғырландырумен, азаматтық қоғам институттарын билік тетіктерінің алмастыруымен, экономиканың толық мемлекеттендірілуімен, мемлекеттік аппарат тарапынан азаматтар өмірінің барлық қырын бақылауға алуымен, бүкіл әлеуметтік жүйені бірыңғай идеологияландырылған мақсатка бағындырумен ерекшеленеді.
Тоталитаризм XX ғ. дамыды. Оның үш түрін атап көрсету керек: кеңестік социализм (коммунизм), Италияда, кейіннен Испания мен Португалияда жеңіске жеткен фашизм және неміс национал-социализмі. II дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар жаңа тоталитарлық немесе квазитоталитарлық сипаттағы жүйелер Шығыс Еуропа елдерінде, Азия мен Африқаның бірқатар елдерінде, кейіннен Кубада пайда болды. Олардын, кепшілігі өздігінен емес, кеңестік жүйенің ғаламдық ықпалымен жүзеге асырылды.