[лат. totalis] з а т. Деспотизмнің бір түрі. Т о т а л и т а р и з м орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конст. Құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады (ҚҰЭ). Кеңестер Одағында т о т а л и т а р и з м орныққан 1920-30 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік т о т а л и т а р и з м г е қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады (ҚҰЭ). Халықта оларды төбесіне көтерді. Т о т а л и т а р и з м н і ң зорлық-зомбылығы қанша ауыр болса да, Күлтегін дана айтқандай, «игі білгіш кісілерді, игі батыл кісілерді қозғалта алмады» («ЕҚ».). Біз миллиондаған адамдар үшін нағыз тауқыметке айналған т о т а л и т а р и з м н і ң жексұрын табиғатын жеріне жеткізе зерделеу арқылы өзімізге де, өзгелерге де өткеннің қандай мұрасынан қай себептен бас тартып отырғанымызды қапысыз дәлелдеп бере аламыз (Ә.Кекілбаев, Үш белес).