lat: TOTYQTYRǴYSH
з а т. х и м. 1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары кезіндегі электрон қабылдаушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
Тотықтырғыш электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион), ал электрон қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады (ҚҰЭ).
Гемоглобиннің түрлі тотықтырғыштармен қосылуынан метгемолобин пайда болады (Т.Айтбаев, Қан. қасиеті).
2. ә с к. Жанармайды тотықтыруға себебі тиетін ракеталық отынның бір түрі.
Әдетте, екі бөліктен тұратын ракеталық сұйық отындарда тотықтырғыш ретінде азот қышқылы, сутегі тотығы, сұйық оттегі және т.б. қолданылуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Әскери.).
3. э к о л. Тотығу процесіне себепші болатын заттек (озон, азот қос тотығы, асқын тотықтар және т.б.).
Тотықтырғыш ақаба судың тазаруына себепші болады, ксенобиотиктердің ыдырауын тездетеді (Қаз. тілі термин. Экология).