lat: TOVAR
з а т. э к о н. Тауар (сатуға немесе сатып алуға жарайтын өзіндік құны, бағасы бар еңбек өнімі).
Біз бір товарды екінші товарға айырбастағанда, оларды қайткенде айырбастағымыз келетіні себепті айырбастамаймыз, әрбір товардың еңбек өнімі ретінде өзіндік құны болғандықтан айырбастаймыз (А.Қасымжанов, Диалектика.).
«Алты қала елінде» мал аз. Керуен осыны ескеріп, Семейден алып шыққан товарларының бір бөлігін осы арада қойға айырбастауды лайық тапты, сөйтіп үш мың бас қой жинап алды (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар).