ТОВАР

lat: TOVAR

з а т. Тауаратуға немесе сатып алуға жарайтын өзіндік құны, бағасы бар еңбек өнімі). Біз бір товарды екінші т о в а р ғ а айырбастағанда, оларды қайткенде айырбастағымыз келетіні себепті айырбастамаймыз, әрбір товардың еңбек өнімі ретінде өзіндік құны болғандықтан айырбастаймыз (А.Қасымжанов, Диалектика.). «Алты қала елінде» мал аз. Керуен осыны ескеріп, Семейден алып шыққан т о в а р л а р ы н ы ң бір бөлігін осы арада қойға айырбастауды лайық тапты, сөйтіп үш мың бас қой жинап алды (Б.Соқпақбаев, Қайдасың, Гауһар). Т о в а р ғ а толтырып дайындап қойған корзинаны қарыма ілем де, базарға қарай аяңдаймын (З.Ақышев, Бәрі де есте).