ТОЗАҢ

lat: TOZAŃ

зат. Ауаға көтерілген немесе бір нәрсенің үстіне қонған жұқалтаң селдір шаң.

Жалықтырып, пыстырып,

Ұшырып тозаң жел үрген.

Қайта-қайта пысқырып,

Жүруден ат та ерінген (1,31).

Үңіледі ол. Телміреді.

Телміреді аймаққа.

Көз буалдыр, көңіл кермек, тіл тістеулі, ой ботқа.

Бір жолаушы бұрқыратып қара жолдың тозаңын,

Ен далада еркін жортып бара жатыр қай жаққа?! (2,261).