Тозаң

lat: TOZAŃ

з а т. 1. Зат үстіне қонған не ауаға көтерілген жұқалаң селдір шаң.

Аян: Апырмай, мына жер не деген жақсы?.. Бақшаның іші... Шаң,тозаң жоқ таза ауа... деп, сырттағы бақшаға қарады (С.Сейфуллин, Шығ.).

Егер оған дым тиіп, күн жылытса, Жан кіріп, шөп шығады гүл-жапырақ. Өлген шөптің күлі еді тозған тозаң Онан тағы не шықты, байқа, бірақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

2. Қалың шаң-топырақ.

Құмардан шығып жүрер құлан қуып, Келеді күн жақындап, ажал жуық. Бірталай бар шәһардан түстік жерде, Арыстан, жолбарыстар жатқан бұғып. Бір тозаң құйындай боп көрінеді, Тоғайдан келе жатыр тура шығып (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Дүние ойлап тұрсам ақсақ елік, Кетеді кейде аяңдап, кейде желіп. Тозаңы андаанда бір бұрқ етер, Кезіңе сондайдан елес беріпара өлең).

3. а у ы с. Мәнсіз, салмақсыз бос нәрсе.

Дәлелсіз сөз соққан жел, ұшқан тозаң, Таза ақылдың алдында жоқ қой құны. Мисыз, күншіл, бірезу, өзімшілдер Аласұрсын, асқақтап, қозса жыны (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

4. а у ы с. Ауыртпалық, кірбің, уайым.

Біздер әбден батушы едік күлкіге. Сен де бірге күлуші едіңілкіде. «Көңілдегі көп тозаңды қағып ал Деуші едік біз, өзіңді-өзің сілкі де!» (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Қапырық бәрі: Аспан да, жер де қапырық, Ауыр бір тозаң Әлемді тұрау жапырып (М.Мақатаев, Шығ.).