lat: TOttANÝ
Тоттан етістігінің қимыл атауы; таттану.
Дем алу, жану, өсімдіктердің қоректенуі, металдардың тоттануы, шіру және т.б. процестер болады (Н.Нұрахметов, Химия.).
Тоттану – бетінде тот түзе жүретін коррозия (жемірлену). Жемірленудің қарапайым мысалы – темірдің тоттануы, темір ауадағы оттекпен тотығып, беті тоттанады (Қаз. Тілі термин. Кен.).