lat: TRAL
[ағылш. Trawl] зат. кәс. 1. Пішіні конус тәрізді, әр түрлі тереңдіктен балық аулауға арналған тордан тоқылған сүзгі құралы.
Тралдар теңіз кемелеріне ваер деп аталатын болат арқандардың көмегімен тіркеледі. Балық аулау процесі тралдық зонд арқылы бақыланады. Барлық мемлекеттерде дерлік балықтың басым бөлігі тралмен ауланады (ҚҰЭ).
Судың түбіне жақын жерде жүретін балықтарды аулау үшін сыпырма ау, немесе трал қолданады (Зоология).
2. гидрограф. Су астындағы белгілі бір тереңдіктегі кедергілерді анықтап, қауіпсіз жүзуді қамтамасыз етуге арналған құрылғы.
3. әск. Миналарды анықтау мен жоюға арналған құрылғы.
Тактикалық мақсатына қарай іздеуші тралдар, залалсыздандыратын тралдар және жоюшы тралдар болып бөлінеді. Алып жүретін көлігіне байланысты тралдар кемелік, авиациялық және танкілік болып ажыратылады (ҚҰЭ).
Арнаулы тралдар танктердің мина көмілген алқаптан да өтуіне мүмкіндік береді (Болат тонды батырлар).