ТРАНСФЕРТ

lat: TRANSFERT

ақшаны бір қаржы мекемесінен екіншісіне немесе бір елден екінші елге аудару; атаулы бағалы қағаздарды оларды иеленуші адамның шотынан екіншісінің шотына аудару. Трансферттік операциялар халықаралық корпорацияның түрлі елдерде орналасқан сабақтас компаниялары арасында жүзеге асырылады; мұның өзі фирмалық ішкі айырбас болып табылады; тиісті елдердің кеден статистикасы оны экспорт және импорт деп есептейді.