lat: TRANSPORTER
[франц. transponeur] зат. 1. Жүктерді үздіксіз тасуға арналған механикалық құрылғы.
Суда ойнаған сар сазанның бауырындай жарқ етіп мырыш кесегі екінші транспортерге түседі (К.Зәкенов, Жанартау).
2. әск. Әскерлерді, әскери техниканы, материалдық қажеттіліктерді тасуға арналған шынжыр табанды немесе доңғалақты мәшине.
Егер сауытты қалқасы болса, онда ол броне-транспортер деп аталады. Суда жүзетіндері де болады. Қолданылуына байланысты транспортерлар (оның ішінде қар мен батпақта жүретіні де) әртүрлі мақсатта пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Транспортер үстінде жас офицердің және бес солдаттың денесі жатыр (Ә.Жылқышеев, Өмір жыры).