lat: TRANSPOZISIaÁ
[лат. transpositio] з а т. м у з. Музыкалық шығармадағы барлық дыбыстарды белгілі бір жоғары не төмен интервалға ауыстыру.
Транспозиция – музыкалық шығармалардың бүкіл дыбысын бір дауыстан екінші дауысқа лайықтап, белгілі бір аралыққа жоғары не төмен ауыстыру (Қ.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік).
2. л и н г в. Белгілі бір тілдік форманы басқа бір формалардың қызметінде жазу.
Транспозиция неғұрлым тар мағынасында бір сөз табындағы сөздің басқа сөз табына ауысуын не сол сөз табының қызметін атқаратынын білдіреді (Тіл білімі термин. түс. сөзд.).