ТРАНЗИСТОР

lat: TRANZISTOR

[ағыл. transistor] з а т. 1. Батареямен сөйлейтін көлемі шағын радиоқабылдағыш.

Үстел үстіндегі қол басындай транзистордың құлағын сырт еткізіп іске қосты (Ә.Асқаров, Тайга толғауы).

Әлім қолындағытранзисторын жоғары көтеріп, тез шап деген белгімен тағы дауыстады (Ұ.Доспанбетов, Қардағы гүл).

2. к ә с. Электр тербелістерін күшейтуге, оны тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық аспап.

Транзистор электроникада пайдаланылатын негізгі құрылғы. Оны сигналдарды сақтауға схемаларды ажыратып қосуға пайдаланады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

Транзисторды 1948 ж. америкалық ғалымдар У.Шокли (19101989), У.Браттейн (19021987) және Дж. Бардин (19081991) ойлап тапқан (ҚҰЭ).