ТРАНЗИТ

lat: TRANZIT

[лат. transitus] зат. 1. Бір жерден екінші жерге жолаушы не жүкті аралық пункт арқылы тасымалдау ісі.

Елдің ішіндегі және халықаралық транзит тасымалы да болады (ҚСЭ).

Транзитивті топ-транзитивная группа (Математика Терм сөз).

Жол жөнекей глюкозанның біразы полимерленіп крахмалға қайта айналады, ол транзит крахмал делінеді ол қантқа айнала отырып өсімдіктің бойымен қор жинайтын жеріне келеді (Т.Мұқанов, Ботаника).

Транзит аралық пункт арқылы бір жерден екінші жерге жүк және жолаушы тасымалдау (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

2. Тауарлар екі кеден органы арқылы кеден бажы мен салығы алынбай өткізілетін кеден режімі.

«Транзит» тәртіптемесінде тауар ел аумағында болудың лимиттелген мерзімінде кеден шекарасын екі қайтара өтеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).