ТРАССА

lat: TRASSA

[нем. trasse] з а т. Үлкен қалалар аралығын қосатын не қалалар мен елді мекендерді жалғастыратын кең, түзу асфальтты жол.

Мөп-мөлдір қара трасса сары мақпал егіс даласын әр тұстан таспадай бедерлеп, қиянға тартып барады («Қаз. әдеб.»).

Трасса бойында тек қатарлы жұмысшылар, қарапайым қызметкерлер ғана емес, сонымен бірге үй шаруасындағы әйелдер мен жауапты қызметкерлер де істеді (К.Әміров, Өшп. жұлдыз.).