lat: TROS
[голл. tros] з а т. Кендір я болат сымнан есілген берік арқан.
Қарындас, қане мен алға шығайын, содан соң тіркеме белдігінің астын ашып, троспен тартып шығарамыз (Д.Сапаров, Бақытты жан.).
Ескендір өз тракторымен жығылған трактордың қапталына шығып, троспен тартып, тұрғызбақшы болды (Бал дәурен).
Тракторист жүріп келе жатып, тросты көтеріп, трактордың ілгегіне сала қойды (А.Тоқмағанбетов, Жазғы.).