ТҰМАР

lat: TUMAR

(ар. тумар طومار)   

1. Бүктелген, оралған қағаз.

2. Ауысп. Бәле- жаладан, жамандықтан сақтау үшін молданың жазып берген дұғасы.

Бір жапырақ тұмары бойды сақтар, Ауырсаң ішірткі ал, қапыл қалма («Сұлтанмахмұт Торайғыров». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Сақтайын тұмарыңды өз бойыма, Бұл күнде шүбһә жоқ һеш ойымда («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).