lat: TUNBA
зат. Жерден қайнап шығып жатқан мөп-мөлдір су; қайнар.
Көресің көк орманын, жылғаларын,
Мөп-мөлдір қайнап шыққан тұнбаларын.
Жылғаның жағасында бұзылған үй,
Сен соған, ей, жолаушым, бір қарағын (2,5).
Өрісте қозы шулаған,
Сусындап тұнық тұнбадан,
Тай-құлын жүрсе тулаған,
Бұралып жап-жас келіншек,
Су алып жатса жылғадан (3,91).