Дəстүрлі тұрғылықты аумағымен мызғымас тарихи байланысы бар, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін Мəдениетін, Салт-дəстүрін, Тілін сақтап қалуға, дамытуға, қалдыруға талпынатын Тұрғылықты этностың тілі. Тұрғылықты тіл – Тұрғылықты этностардың этностық бірдейлестігі мен Тілдік бірдейлестігінің негізгі белгісі болып табылатын, Халық санағында негізгі тіл ретінде көрсетілетін тіл. Тұрғылықты тіл ұғымы Титулды этнос тілі ұғымынан гөрі танымал. Финляндияда фин жəне швед тілдері – Ресми тілдер, ал саам (3000 сөйлеушісі бар), цыган тілдері (10000 сөйлеуші бар), сонымен бірге ым тілі (керең адамдардың тілі, 10000 адам) Т.т. болып жарияланған, бірақ орыс тілі (31000 адам) мұндай мəртебе алған жоқ (А.Мустайоки). Тұрғылықты тіл құқықтарын тұрғылықты халықтікі сияқты Тұрғылықты халықтардың құқықтары туралы декларация, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакт жəне т.б., қорғайды (қар. Автохтонды тіл, Жергілікті тіл, Халық, Этностық тіл, Тіл, Диаспора тілі, Қазақстан тілдері, Тілдік құқық).