lat: TUR
ет. 1. Аяғын тік басып, бір орында болу.
Ол жаңа қонақтарын сол арада, далада тұрып, ұлдарымен таныстырды (Ә.Тарази, Асу.).
Жұмағұл орнында тұрып қалған (М.Мағауин).
Ол шыға жүгірген бойымен шарбақта тұрған атына барып карғып мінді (Ә.Әбішев, Терең тамыр.).
2. Отырған орнынан көтерілу.
Әңгіме осы араға келгенде,
Қатира орнынан тұрып қоштаса бастады (Қ.Жұмаділов, Қаздар.).
Абай орнынан шапшаң тұрып шешесіне көрпе салды (М.Әуезов, Абай).
Әйгерім тұрып, қымыз ыдыстарын жыйғызуға белгі берді (М.Әуезов, Абай жолы).
3. Белгілі бір жерді мекендеу, өмір сүру; болу.
Ұлтай бұл күнде іргелес ауылдағы кәрі шешесінің қолында тұратын (С.Омаров, Қиыр жол).
Енді Павел Николаевич әйелінің тұрған қаласы, өзінің туған жері Петергургке көшуге бел байлады (I.Есенберлин, Қатерлі.).
Ең негізгі кінә, әрине, өзімде.
Бұл баланы жаңа туған кезінде
Перзент үні тұсаған жан мұратын
Афрасиабтың ар жағында тұратын
Нағашысы бауырына басқан-ды.
Қателігім осы арадан басталды (М.Шаханов, Ғасыр.).
4. Ұйқыдан оянып, төсегінен басын көтеру.
Аркадий Павлович таң-ертең ерте тұрып, қақпаның алдына шықты (М.Дәулетбаев, Қызылжар).
Мен Москваға барған сайын таңғы сағат алтыда тұрамын (С.Мәуленов, Жер нәрі).
Сол күні ертеңіне орнымнан тұрсам, әкем үйде жоқ болып шығады (Ө.Тұрманжанов, Адам.).
5. Белгілі бір сөздермен тіркесіп келіп «түзілу, жасалу, құралу» мағыналарын білдіреді.
Сонымен қатерлі ісік клеткалары организмнің өз клеткаларынан тұрады (Ә.Есенқұлов, Әйелдер.).
Бүл ұрық та, алғашқы сабақ, алғашқы жапырақ және бірнеше тұқым жарнақтарынан тұрады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Біздің Жер мен Күндегі заттар қандай химиялық элементтерден тұратын болса, жұлдыздағы заттар да сондай элементтерден тұрады екен (X.Әбішұлы, Халық астрон.).
6. Кейбір сөздермен тіркесе айтылып «орналасу, жайласу» мағынасын білдіреді.
Жұмысқа тұрсам ақша табар едім, ақша тапсам қарным ашпас еді деп ойлайды (М.Дүйсенов, Мейман.).
– Складқа тұр деп мен ақыл беріп едім ғой, мені тыңдасаң өлмейсің (С.Жүнісов, Жапанда.).
Ашулы баста ақыл тұрмайды (Мақал).
7. Күрделі етістік құрамында жұмсалып, осы, нақ осы шақтағы істің күйін, жайын білдіреді.
Қазір сол шахта үйінің бір бөлмесінде Көктайынша балға соғып тұр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).
Күн өте тымық, демін ішіне тартып тұр (А.Хангелдин, Алғыс).
Шашып тұр әлі шуағын,
Сол қалпы нұрын көздегі.
Ерекше толқып қуандым,
Жазымсың бала кездегі (С.Әлімқұлов, Жайсаң.).
8. Бөгелу, тоқтау, кідіру.
Ескендір мұны көріп аз тұрады,
Хакимді аулақ жерге шақырады.
Таңқаларлық іс болды мұның өзі,
Мәнісін айтып берші деп сұрады (А.Құнанбаев).
9. Болу, бар болу.
Нысап керек дәулетке де, баққа да,
Бірін таңда тек қана:
Әр сөзінде от тұратын,
Елге таңдай қақтыратын,
Ғажабы да,
Азабы да орасан
Жұрттан асқан ақыл берем қаласаң? (М.Шаханов, Ғасыр.).