lat: TUR /735+978/
ет. 1 . Отырған орнынан көтерілу, тік тұру.
Маруся тауының тарихы осы деп, қарт орнынан тұрды (4,127).
Тұрып асүйге бармақ боп, қайта отырады (4,210).
2 . Ұйқыдан ояну, төсектен тұру, басын көтеру .
– Тұрсаңшы , таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан? (2,173).
Көтер басты, тұр орныңнан!
Терезеге қарашы.
Неткен тұнық, неткен қымбат жер мен көктің арасы!
Неткен жақын бұл ғаламда адамзаттың баласы!
Бауырым-ау, жи күшіңді, терезеге қарашы! (3,69).
3 . Бір орнынан қозғалмау, қалқиып көріну .
Әне тұр менің туған жаман тамым,
Сол тамда көргем тұңғыш өмір шамын.
Есігін өмірімнің сонда ашып,
Іңгәлап мен де өмірге ұмтылғанмын (1,39).
Неменеңе жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр (2,129).
Ауыл сыртындағы қыраттағы бейіт басында қорабы күнге шағылысқан жасыл «Волга» күн батқанша тұрды (4,172).
4 . Бір жерді мекен ету, орналасу .
Жадырап, жылып, жаңа үйде тұрмыз, аманбыз,
Адамды сүйіп, адаммен жүрген адамбыз.
Қадірлі жандар тыс қалды неге назардан?
Өкініп тұрмыз соңынан енді соған біз! (1,295).
Мына өлке, мына аймақ,
Бұл маңда құлшылық етемін тұрғанға ,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашанда,
осы бір Отанда тұрғанға ! (3,121).
5 . Өмір сүру, тіршілік ету.
35 жыл. Отыз бесінші шуағым
35 жыл күлдім, 35 жыл жыладым.
Кім біледі, 35 көктем,
Енді қанша тұрамын ?
35 күз, 35 қыс, 35 жаз
Осал өмір емес-ау отыз бес жас (1,154).
Батар күн, келер күн,
Атар таң, шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен, осылай мәңгілік тұрармын ,
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын! (2,62).
6 . Жоқтан бар болу, пайда болу .
Ақ қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың! (3,213).
Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен.
Тал басына шық тұрып , күннің нұры
Мың бояумен тоғайды көркемдеген (3,156).
7 . Құралу, түзілу, жасалу.
Өздеріңізге белгілі, «Тәңірдің тәлкегі» үш кітаптан тұрады («Тамұқ», «Ғарасат майданы», «Ұжмақ») (4,88).
Бүтін бір оркестрдің үнін естіп, құныға келе, жеті бөлімнен тұратын симфонияға тап болдым (4,256).
8 . «Дауыл», «боран», «жел» сөздерімен тіркесіп келіп, соғу, борау, ұйтқу д.м. береді .
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар (2,129).
Көрік кеткен лала гүл, раушаннан,
Жапырағын, сабағын қырау шалған.
Сумаңдаған ұрыдай суық жел тұр,
Жабырқаған гүлдерге ылаң салған (3,177).