ТҰР

lat: TUR /978/

к.ет. Негізгі етістіктермен тіркесіп келіп, осы шақтық мағына үстейді.

Әйелдер-ай! Әйелдер-ай! Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың.

Біреу сүйіп тұрса дағы бармайсың.

Әйелдер-ай! Әйелдер-ай, қандайсың! (2,119).

Алаңым да, адамым да,

Жадырады-ау шалқып бір!

Қырдан ескен самалында

От иісі аңқып тұр (2,225).

Қар жауып тұр ,

Көше жатыр шыланып,

Басқан жерің қоймалжың бір быламық,

Жаңбыр қарға, қар жаңбырға тұр ауып,

Жылауық түн тыншымады бірауық (3,210).