lat: TURPAT
зат. 1. Кескін, келбет, пішін.
Мәселен, кісі жайынан сөйлегенде, я тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айтамыз (А.Байтұрсынов, Шығ.).
2. ауыс. Түр, бағыт.
Жаңа тұрпатты әдебиеттің жандауына аса тілеуқор еді («Қаз. әдеб.»).
Замана рухына қарай мамандықтардыңда мазмұны өзгеріп, жаңа тұрпат, жаңа сипат алады (К.Смайылов, Мамандықтың бәрі жақсы).
Жау тұрпаты сайтандай,
Жаудың бетін қайтармай,
Кімдер үйде қалғандай (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).
3. Дене бітім, пошым.
Жалпы тұрпаты қаршығаға ұқсас (Ш.Айманов).