ТҰТ

lat: TUT

ет. 1 . Бір нәрсені ұстап алу.

Өмір теңіз, ол теңізде мен шабақ,

Тұтпақ болып түрлі қауіп тұр қарап.

Озбыр шортан қармағына баланың

Ілінбесем, маған бақыт сол ғана-ақ (1,67).

«Тор құрайық, тұтайық , арыстанның қаншығын,

Жолын бөгеп, жөндейік баласын да, балшығын!»

Тырнақ жазып ұмтылды ол бүркітіндей аңшының (5,141).

2 . Қабырғаға, терезеге бір нәрсені ұстау, керіп қою, ілу.

Алдынан терезеңнің жүріп өттім,

Сен мені байқадың ба, құдіреттім?

Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?

Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті (2,229).

Жалбыраған шаш жапқан жасырынған кеудесін,

Көрінбес жүнін көрдің бе тұтып тұрған пердесін?

Көрдің бе анау әйелді тозақтың тұл пендесін? (5,94).

3 . Бір нәрсеге кір, шаң жұғып қалу, жабысу, жармасу.

Уһ, дала!

Дала толған көл-көсір жыр,

Дала қобыз, тұтпайды пернесін кір.

Тірі Абайды әлдиле, дарқан далам,

Өлең селі өңіріңді тербесін бір (1,141).

4 . Біраз сөздермен тіркесіп келіп, «есептеу», «санау», «білу» д.м-да қолданылады.

Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,

Айналаң алма-өрік, алда қымыз.

Ташкент шәрін өзіне бауыр тұтқан,

Жігітім, жақсы, ә, біздің Алматымыз?! (2,64).

Қиюды, жоюды ғана мақсат тұтса, сынның болмағаны (4,289).

Мен ғұлама Павел емен, Эней емен және де,

Кіммін осы? Сүйенемін кімдер салған кәдеге,

Ардақ тұтар жоқ менде, жоқ қой менде дәнеңе (5,11).<!--StartFragment--><!--EndFragment-->