ТҰТҚА

lat: TUTQA

зат. 1. Ашылатын заттардың (есік, қақпақ т.б.) қолмен ұстауға ыңғайлы етіп жасалған ұстағышы.

Есікті шалқайта ашқан Әшір енді тұтқаны таба алмай әуреленіп тұр (4,159).

2. ауыс. Тірек, таяныш.

Сен оны бос ұста шуақта,

Дүние тұтқасын танысын!

Жыласа жыласын! Жұбатпа!

Жыласын адамзат бағы үшін (1,96).

Тіршілік тұтқасы күн сөнер

дегенге айтыңдар, кім сенер?

Әлемде тыныштық тұрса егер,

Біздерміз өмірге нұр себер! (2,366).