ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

lat: TUTYNÝSHYLARDYŃ QUQYQTARYN QORǴAÝ

тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың Азаматтық кодексте неме­се өзге де заңнама актілерінде көзделген құралдармен камтамасыз етілуі.

Әрбір тұтынушының атап айтқанда: тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға; тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) тиісінше сапасы және қауіпсіз болуына; тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнінде толық және анық мәлімет алуға; тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге құқығы бар.