ТҰЗАҚ

lat: TUZAQ

зат. 1 . Қоян, құс ұстау үшін қылдан есіп жасалған аңшы құралы.

Уақыт өтіп жатыр үмітпенен,

Құс уақыт тұзаққа ілікпеген.

Алдым тау, арты да тау, айналам тау,

Қарағайлы қиямен жүріп келем (1,309).

2 . ауыс. Қолына түссең болды, уысынан шығармайтын азап, ауру, өлім.

Қыс та таныс қоржынына мұз артқан,

Бәрі таныс: жылымық түн, ұзақ таң.

Өмір таныс өмір жасын ұзартқан,

Әзірге аман өлім дейтін тұзақтан (1,289).

Бұл бөлмеде үш тағдыр, үш адам,

Торда отырған торғайларға ұсаған.

Үш адамда үш түрлі емес, жалғыз дерт,

Жалғыз тұзақ алты аяқты тұсаған (3,70).