ТЫҢ

lat: TYŃ

зат. 1 . Бұрын егін егілмеген, пайдаланбаған жер.

Тың деген тыныштықтың таңбасы ма?!

Жақсылық қой орнаған жан басыма,

Тың деген дамылдаған диқан баба,

Миллиардын құйып ап қамбасына (3,215).

Біздің достық халықтың жүрегінде,

Нан өсірген диқанның білегінде.

Космосқа ұшқан корабль рулінде,

Тың қопарған трактор түренінде (1,284).

2 . ауыс. Бұрын сөз болмаған, көтерілмеген тақырып (мәселег) д.м.

Тусып жатқан тыңдарға тереңірек барып, тереңірек зерттеудің орнына сырттай таңырқап, бірден тон пішіп, бірден өзімізше төрелік айтып тастауға ден қойып барамыз (4,316).

// Сын есім мағынасында .

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы (1,84).