lat: TYǴYZ
сын. 1. Арасынан еш нәрсе өтпейтін, бір-біріне өте жақын (қашықтық).
Аттаған сайын осылай алаңқаймен ашылған,
Тығыз ауа арасымен ылдиға қарай бас ұрған,
Күдігім менің жойылып, үрейім бірақ тасынған (5,147).
2. Жылдам, тез, асығыс (уақыт).
Әнеки, сонау төменде,
барады Ай да қалықтап,
Уақыт тығыз , аз қалды,
жүрмейміз енді «шарықтап»,
Басқалар күтіп тұр сені,
басқа жәйт өзін танытпақ (5,136).