1) учаске (аудан) жердің (айдындар немесе әуедегі кеңістіктің), шектерінде халықтың, көлік құралдарының, әскерлердің (кемелердің жүзуіне және ұшу аппараттардың ұшулары) болуы мен қозғалысына тиым салынған аймақ. Тыйым салынған аймақ бекіту мен жариялау: бейбіт уақытта мемлекеттік билік органдары, ал қарулы күштер бөлінген жерде – уәкілеттілік берілген әскери қолбасшылар жүзеге асырады; соғыс уақытында әскери қолбасшылар;
2) қорғау нысаны аумағына тікелей жанасатын аумақ (қару қоймасы, базалар, әскери техника және т.б. әскери мүліктер қоймасы). Қару-жарақ, әскери техника, мүлік, т.б. қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықты және нысандарды қорғау, сонымен қатар қоршаған ортаны техногенді жанында және табиғи төтенше жағдайлар сақтау мақсаттарында тиым салынған аймақтар мен аудандар бекітіледі, әскери қойма аумақтарының сыртқы қоршауларынан тыйым салынған аймақ зымырандардың, оқ-дәрілердің, әскери қоймаларына арналған, тез тұтанатын және жанатындардың сұйықтықтардың – 400 м дейін; қару-жарақ және әскери мүлік қоймаларына арналған – 100 м дейін.