lat: TYM /84/
үст. Өте, аса, тіптен.
Өзің бослаң, тым ағат ойланғансың,
Бақыт емес, басыңа қайғы алғансың.
Жан едің ғой жаныңның талғамы бар,
Қара мұртқа қалайша байланғансың?! (2,24).
Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір, жуып алдым пәк көңілді (3,265).