ТЫНЫШ

lat: TYNYSH

сын. 1 . Айғайсыз, шусыз; тып-тыныш.

Жасыл бақ, тыныш көк пен жер.

Мазасын алып кетпеңдер!

Сәбилер шашқан тарыға,

Жабыла қонды кептерлер (2,204).

Дүние тыныш еді «құлаққа ұрған»,

Талықсып тал бойында шуақ тұнған.

Табиғат сонда саған, раушанға,

Барынша бар жасауын лақтырған (2,268).

2 . ауыс. Дау-дамайсыз, соғыссыз; бейбіт.

Тыныш жатқан бір елге, бір ел келіп ұрынар,

Қандай ғана әкесінің алынбаған құны бар?!

Қайсы ел соғыс бастаса, ел емес, ол ұрылар,

Қан майданда басы оның алдыменен жұлынар (1,241).

Дәл өзі, сол. Заманның тыныш кезінде солай болғамыз, деп, Дариға іле жауап берді (4,166).

3 . ауыс. Уайым-қайғысыз, алаңсыз; жайбарақат.

Ұдайы болды екі түн,

Төсекте тыныш жатпаймын.

Әлекке салып әлдекім,

Мұжылып біткен заттаймын (1,17).

Әлди, әлди, ақ балам,

Мәңгілік тыныш жат, балам (3,169).