ТЫҚ

lat: TYQ

ет. 1 . Үшкір, өткір нәрсені бір жерге сұғу.

Бұл күнде олар көрінбейді, әлде, әлде... жаңылдым?

Мінеки, мен түреніммен, борозда сап шығамын.

Жердің сыртқы қабатына күрегімді тығамын,

Аударамын, сенем сонда сасыған ет шығады (3,310).

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын-төсек, аспанды жамылуда.

Арша, шырша, жартастар жағадағы,

Сұғынып бәрі көлге табынуда (2,174).

2 . Бір затты екінші нәрсенің ішіне салу.

Білмеймін, сен аттың бар, жау атты ма?!

Тірідей тықты ма әлде абақтыға?!

Білмеймін, бір қағынғыр соғыс салса,

Шалғайдағы шаруа жауапты ма?! (1,238).

Айтып айтпай не керек, одан Дедал шықпады,

Сол үшін де ол мені шіркеуге әкеп жыққаны,

Сол үшін де епископ отқа мені тыққаны (5,139).

3 . Бір нәрсені жасыру, көзден таса қылу.

Қазынам бар, біреуге берсем бе екен?!

Өкпелейді-ау бермесем, берсем бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?! (1,279).

Демалыс ап Кавказ, Кырым барғаның

Бәрі өкініш, өзіңді-өзің алдауың.

Қалай үзіп, қайда тығып тыншисың,

Тыным бермес ойларыңның жалғауын? (2,374).