lat: TYRNAQ
зат. 1 . Адам аяқ-қолының ұшындағы жалпақтау келген қатты өсінді .
Бой суынар қалтырап, безгек алғаш төнгенде,
Тырнағының көбесінің көгергенін көргенде,
Сезді бітті сырқатты, қалтырайтын шерменде (5,81).
Өзін-өзі осуда тырнағымен айғыздап,
Құтырынған қышуды бір сәтке солай қойғызбақ,
Сонымен жаны жай тауып, жанына дамыл жайғызбақ (5,138).
2 . Құстың, аңның аяқтарындағы имиіп келген ұзын, үшкір мүйіз өсінді .
Шатынайды сынғалы,
Балақтары батпандай;
Қара тасты тырнағы
Жарып бара жатқандай (1,221).
О, уақыт!
Алып таста арыстанның тырнағын ,
Қабыланның азуын да жұл дағы,
Жер басқанның күлін көкке ұшыра бер,
Қыбырлаған жәндіктерді қыр дағы (4,16).
3. ауыс. Біреудің біреуге көрсеткен қорлық-зомбылығы; қысымы, жауыздығы .
Олар жолға аттанды
Ақиқатты іздеді, томды ақтарды.
Кеше ғана Линч тырнағынан ,
Әккі көрген негрді қорғап қалды (2,251).
Алып Отан азап, сорына арқалап,
Дем алады күрсініп,
Капитализм тырнағынан қанталап,
Дөңбекшиді тіршілік (1,108).