Бip нәрсенің шегіне жету, тамам болуы. Жоңышқаның бір бүйipi
опырылып таусылуға айналды (С. Нарымбетов). Күн қызбай тұрып басталған жұмыс түс қайта түгесіліп қалды (Ж. Молдағалиев). Тас жол бітіп, жай жолмен белеске шыға келгенде, аяқ астында қымыз фермасы көрінді (Ғ.Мұстафин). Әкемнен қалған аз ғана мал төрт-бес жылда құруға айналды (С. Омаров). Соңғы үш жылда Мұрат жаңа проектілерді тамамдаумен байланысты, демалыс алған жоқ (Т. Нұртазин). Үлкендер жағы самауырдьң сарқылуына қарап қалды (Қ.Жұмаділов).