ТАЯҚ

lat: Taıaq

зат. Қолға ұстап, таянып жүретін, ағаштан жасалған құрал . Кеудесін кек кернеп ұрғылап, Көз алды мұнартып бұлдырап. Егіліп, таянып таяғын , Бір қазақ қарт қойшы тұр жылап (1,132). Қаздар қайтып барады мекеніне, (Қанаты бар мақұлық кетеді де). Қаз-қаз басып, қалтырап қария тұр Дәрмені жоқ таяғын көтеруге (1,179).