Таяқ

lat: Taıaq

з а т. 1. Қолға ұстап, таянып жүретін ағаштан, темірден жасалған құрал.

Бала бастап жөнелді таяқ алып, Таяқпен жол қарайды қарға салып. Сағат қанша болды? деп сұрап еді, Бала айтты: Қалды ғой, деп таң тақалып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Сырлы, қызыл таяғын ұстап, Күңке бәйбіше жетіпті (М.Әуезов, Абай жолы).

Шығанақ таяғына сүйеніп, жан-жағына қарап тұр (Ғ.Мұстафин, Шығанақ).

2. а у ы с. Зәбір, зорлық-зомбылық. Таяқтан аяғын әзер сүйреткен Арыстанның сол жағынан қолтықтаған Ожар (І.Есенберлин, Қаһар). Аюға намаз үйреткен таяқақал.).