Табиғи жағдайлар

lat: Tabıǵı jaǵdaılar

э к о л. а) Адамдардың ісәрекетіне қатыссыз болатын тірі ағзалар, денелер жиынтығы мен табиғат құбылыстарының жиынтығы. Т а б и ғ и ж а ғ д а й л а р зерттелетін қатынас жүйесінде негіз ретінде қарастырылатын басқа тірі организмдерге, денелерге және құбылыстарға әсерін тигізеді (Қаз. тілі термин. Экология). ә) Қоғамның шаруашылық қызметі мен тіршілігі үшін өндіргіш күштердің тап сол даму деңгейінде өте маңызды табиғат денелері мен күштері. Т а б и ғ и ж а ғ д а й л а р адамдардың материалдық, өндірістік және өндірістік емес іс-әрекеттеріне тікелей қатыспайды, мыс., климат (Қаз. тілі термин. Экология). б) Тікелей және жанама түрде тұтынатын, бірақ түпкі өнім құрамына тікелей кірмейтін, оны алуға қажетті табиғат денелері мен күштері (Қаз. тілі термин. Экология).