Табиғи сулардың физикалық қасиеттері

lat: Tabıǵı sýlardyń fızıkalyq qasıetteri

қарапайым физикалық аспаптармен немесе органолептикалық жолмен анықталатын судың сапасын сипаттайтын қасиеттері. Табиғи сулардың физикалық қасиеттеріне әдетте оның температурасы, мөлдірлігі, лайлылығы, түсі, иісі мен дәмі жатқызылады.