Табиғи тұздар

lat: Tabıǵı tuzdar

х и м. Тұзды немесе ащы дәмі бар, суда едәуір ерігіш және шөгінді тұзды кен орындарын түзетін минералдар тобы (ҚҰЭ).

Табиғи шабындық пен жайылым. Шөп шабуға, мал жаюға пайдаланылатын табиғи өсімдікті алқаптар. Т а б и ғ и ш а б ы н д ы қ п е н ж а й ы л ы м жемшөптің негізгі базасы (ҚҰЭ). Бұрынғы КСРО-дағы барлық т а б и ғ и ш а б ы н д ы қ п е н ж а й ы л ы м аумағының 55% Қазақстанда (180 млн га табиғи жайылым және 8,2 млн га шабындық). Т а б и ғ и ш а б ы н д ы қ п е н ж а й ы л ы м н ы ң 68 млн гектары далалық, 34,5 млн-ы шөлейт, 70,3 млн-ы шөлдік және 6,2 млн гектары таулық жайылым (ҚҰЭ).