Табанынан жарылған

lat: Tabanynan jarylǵan

Жарамды ит; таймас жорға. Жамбыл Мағашпен енді танысып амандасты да, торы жорға аттың бүгінгі өнерін өз көзімен көрген жайын айтты. Табанынан жарылған жануар-ай, - деп қолын, жұдырығын түйе созып, көрсетіп-айызымды қандырдың-ау! - деді (М. Әуезов).