[грек. taktika] з а т. 1. ә с к. Соғысты басқара, жүргізе білу ғылымы; барлық әскер түрлерінің және қарулы күштер түрлерінің бөлімшелері, бөлімдері мен құрамаларының ұрысқа дайындығы мен оны жүргізудің теориясы және практикасы. Күндізгі т а к т и к а сабағынан қайтысымен күндегі әдетінше автоматын сүрткілеп шаң-тозаңнан тазартты (С.Сейітов, Сөз сұра.). Т а к т и к а әскери өнердің құрамдас бөлігі болып табылады, ол оперативтік өнер мен стратегияға бағынышты бола отырып, олардың мүддесінде әрекет етеді (Қаз. тілі тер-мин. Әскери.). Т а к т и к а – қарулы күштердің әртүрлі бөлімдері мен бөлімшелерінің, құрғақтағы әскерлердің әскери құрамалары, әуе мен теңіздегі арнайы әскерлерінің шайқасқа дайындығы және оны жүргізуінің теоиясы мен практикасы (ҚҰЭ). 2. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс, жол, экономикалық, әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер; іс-қимыл желісі. Т а к т и к а – шектеулі кезең бойына нақты жағдайдың дамуын егжей-тегжейлі нақты жоспарлау (Қаз. тілі термин. Экономика.). Т а к т и к а стратегияға бағынышты, оған қызмет етеді (Қаз. тілі термин. Экономика).