ТАКТИКА

lat: TaktIKA

зат.1.Әск. Соғысты басқара, жүргізе білу ғылымы.

Күндізгі тактика сабағынан қайтысымен күндегі әдетінше автоматын сүрткілеп шаң-тозаңнан тазартты (С.Сейітов, Сөз сұра.).

2. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс, жол.

Әрбір партия өзінің тактикасын, өзінің іс істейтін бағытын, көзқарастарын белгілеуге тырысты (КПСС тарихы).