тамыр тонусы мен ондағы қан ағынының шектеулі аймақта эфференттік нервтер мен қан құрамындағы вазоактивті (тамыр тонусын өзгертетін) заттардың əсерінсіз реттелуі. Тамыр тонусының аутореттелуі механизмінде екі фактор маңызды роль атқарады. Олар алмасу факторы-тамыр маңындағы ұлпалардағы зат өнімдері мен оттегі мөлшері жəне миогенді фактор-тамыр қабырғасының керілу деңгейі. Тамыр тонусының аутореттелуінің тетігі ми, миокард, бүйрек тамырларында өте жақсы, ал ішек пен қаңқа еттері тамырында нашар жетілген.