Тамырын ұстады

lat: Tamyryn ustady .

а) Тамырдың соғысына қарап бал ашты, болжам жасады.

Қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды-дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың бетінен оқып, іздеген талап болмаса, кітаптың бетінен оқып іздеген талап емес (Абай, Тол. жин.).

Сәруар Қайыржанның тамырын ұстап көріп, өкпесін тыңдай бастады (С.Ғаббасов, Ана.).

ә) Сөз тартты, байқап көрді.

Бұрын да әйелдердің тамырын көп ұстаған Нұржанов бұ жолы да Райханның жүрек соғысын бұлжытпай аңғарды (З.Шашкин, Шығ.).