Тақырыптық карта

lat: Taqyryptyq karta

қандай да бір сюжетті (тақырыпты, нысанды, саланы) немесе сюжеттер үйлесімін бейнелейтін карта. Тақырыптық картаның геологиялық, этнографиялық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық сияқты түрлері бар. Бейнеленетін құбылыстарды жалпылау деңгейі бойынша тақырыптық карталар аналитикалық, кешендік және синтетикалық болып бөлінеді.