Тармақтау, тараулау, тарамдау, салалау

lat: Tarmaqtaý, taraýlaý, taramdaý, salalaý

Тарау-тарау eтіп бөлу. Еліктің текесінде тармақталған кішкене мүйіздері болады да, eшкілepi тоқал болады (Қ. Қайымов). Тарауланған жолдарымен ерсілі-қарсылы азық тартқан кұмырсқалар тізбегі мен тіркeci бір үзілмейді (Ә.Тұрманжанов). Қаланың терістігінe қарай тұра тартқан жол жан-жаққа тарамдалып бөлініп жатыр (Қ. Найманбаев). Фосфор жеткілікті болған жағдайда картоптың тамыры салаланып, тармақталып өседі (Б.Шағыров).