Тармақтау, тараулау, тарамдау, салалау

lat: Tarmaqtaý, taraýlaý, taramdaý, salalaý.

Тарау-тарау етіп бөлу. Еліктің текесінде тармақталған кішкене мүйіздері болады да, ешкілері тоқал болады (Қ. Қайымов). Тарауланған жолдарымен ерсілі- қарсылы азық тартқан құмырсқалар тізбегі мен тіркесі бір үзілмейді (Ө. Тұрманжанов). Қаланың терістігіне қарай тура тартқан жол жан- жаққа тарамдалып бөлініп жатыр (Қ. Найманбаев). Фосфор жет- кілікті болған жағдайда картоптың тамыры салаланып, тармақталып өседі (Б. Шағыров).