ТАВТОЛОГИЯ

lat: Tavtologıa

[грек. tauto дәл сондай, logos ілім] з а т. 1. Бір айтылған ойдың, сөздің, сөз тіркестерінің қайталануы. Әдебиетте т а в т о л о г и я көбіне үдемелі мағынаны арттыру үшін, салыстыру мақсатында қолданылады (ҚҰЭ). Мақсатсыз т а в т о л о г и я сөз жүйесін бүлдіріп, мағынасыздыққа ұрындырады (Әдебиеттану термин.). 2. ф и л о с. Өзара барабар ақиқатты заңдылық. Дәстүрлі логикада т а в т о л о г и я ұғымның анықтамасынан басқа сол ұғымдағы ойды басқа сөздермен қарапайым түрде қайталау (ҚҰЭ).